4 Ақпан 2024 2024, 15:12
Фото: prosports.kz
Азат Мақсұм UFC-дегі ең үздік жекпе-жек үшін бонус алады
UFC Vegas 84 турнирінің қорытындысы бойынша бонустардың иелері белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
UFC Vegas 84 турнирінің қорытындысы бойынша бонустардың иелері белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Азат Мақсұм мен Чарльз Джонсон кештің үздік жекпе-жегі үшін бонус алады. Екі файтер де 50 мың доллар көлемінде сыйақы алады.
Сондай-ақ Молли МакКенн мен Рэнди Браун кештің үздік өнері үшін 50 мың доллар алады.
Естеріңізге сала кетейік, жеңіліп көрмеген қазақстандық Азат Мақсұм Чарльз Джонсоннан 29-28, 29-28, 29-28 есебімен ұтылды.