Азаптау мен қатыгездіктің алдын алу саласындағы мамандар біліктілігін арттырды

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бастамасы бойынша Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен 10-13 қазан аралығында ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қатысушылары үшін ҰАТ құралдарының тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді 4 күндік сараптамалық миссия ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова тренингті ұйымдастырған әріптестеріне алғыс білдіріп, ҰАТ мандатының кеңеюінен оларға үлкен жауапкершілік артылып, жоғары біліктілік талаптары жүктелетінін атап өтті.

Бұл мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдардан тәуелсіз болу мүмкіндігі тұрғысынан азаптау мен қатыгездіктің алдын алу және  анықтаудағы ең ашық механизм болуы тиіс. Біз тарихтың белгілі бір кезеңінен өттік. Әрине, ҰАТ қатысушылары қазір де біраз мәселелерді көтеріп жүр, олар қызмет құралдарын, күш-жігерді біріктіру нысандарын одан әрі жетілдіру қажеттілігімен байланысты. Бүгінгі таңда ҰАТ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері ғана емес, оның ішінде әлеуметтік қызметкерлер, сот сарапшылары, заң кеңесшілері және басқа да тәуелсіз мамандардан құралған. Біз тек білім алып қана қоймай, сонымен қатар сарапшылардың ұсыныстарын тыңдауға ниеттіміз және сараптамалық бағалауды қажет ететін өзекті мәселелерді, оларды іске асыруды жақсарту бойынша ұсыныстарды да талқылайтын боламыз. Шын мәнінде, қазір қызметтің келесі кезеңін жетілдіріп, дамытуымыз керек, - деп атап өтті Әзімова.

Шара  Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Taiex Pi ұлттық алдын алу тетігін нығайту жөніндегі сарапшылардың миссиясы»  бағдарламасы бойынша гибридті нысанда өтті, оған ҰАТ топтарының өкілдері, олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері және Омбудсмен кеңсесінің қызметкерлері қатарынан 80-нен астам адам қатысты. 

Грекия, Дания және Испания елдерінің сарапшылары қазақстандық ҰАТ және Омбудсмен кеңсесінің біліктілігі мен білімін арттыру мақсатында ұлттық алдын алу тетігінің ең үздік әдістемелерін, көмек көрсету тәжірибелерін, мамандарды тарту, коммуникация және ақпарат тарату тәсілдерін бөлісті. 

Сонымен қатар, ұлттық алдын алу тетігінің өңірлік қатысушыларымен талқылау кезінде профильді қызметкерлердің әлеуметтік қолдау институтын кеңінен енгізе отырып, медициналық-әлеуметтік мекемелердің жұмысын ұйымдастыруды одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

Аталған іс-шара барысында сарапшылар оқыту семинарларын ұйымдастырды, сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесулер, мемлекеттік органдардың өкілдерімен консультациялар өтіп, Астана қаласындағы тергеу изоляторы мен уақытша қамау изолятрына арнайы барды. 

Шетелдік омбудсмендердің өкілдері Қазақстанның, атап айтқанда сотталғандардөтеп ағымдары мен өтініштерін цифрландыру, пенитенциарлық медициналық қызметті азаматтық денсаулық сақтау саласына беру бөлігіндегі жетістіктерін ерекше атап өтті. Олар Қазақстан БҰҰ-ның азаптауға қарсы конвенциясына Факультативтік хаттамаға сәйкес дұрыс бағытта келе жатқанын атап өтті. 

Ұлттық алдын алу тетігі 2013 жылдан бері «Омбудсмен+» моделі негізінде, яғни үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп, омбудсмен институты ұлттық алдын алу тетігі қызметін үйлестіруші ретінде жұмыс істейді. 

Бұл құрылым жабық мекемелерге тұрақты түрде алдын ала ескертусіз бару арқылы, азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алу жүйесі түрінде жұмыс істейді. 

Қазіргі уақытта өңірлердегі ҰАТ топтарындағы қатысушылар саны азаматтық сектор өкілдерінің (заңгерлер, сот сарапшылары, журналистер, әлеуметтік қызметкер және т.б.) арасынан 100-ге жуық адамды құрайды. 

Олар осы жылдың басынан бері ішкі істер, қорғаныс, еңбек және әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктері мен ҚАЖ комитетінің жабық мекемелеріне 350 рет барды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы