Қазанның соңында күн суытады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша қазан айымен бірге аномальді жылу да аяқталуда. Атлантикадан жылы және ылғал ауаны әкелген батыстық тропосфералық ағымдар солтүстік-батысқа қарай ауыса бастайды.
Сондықтан қазан айының соңғы күндерінде Қазақстанда алдымен батыс, сондан соң солтүстік облыстарында жаңбырдың арты қарға ұласуымен және температураның климаттық нормаға дейін төмендеуі күтіледі.
29 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде басым бөлігінде күші 15-20 кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының да кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, түнде кей жерлерінде 23-28 м/с жетеді. Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел күтіледі, кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.Өскемен қаласында да 29 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Семейде 29 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Петропавлда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.