Қазанда ПТР-тест көлемін тәулігіне 60 мыңға жеткізу жоспарланып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Нұр-Сұлтандағы №6 емханада өткен кездесу барысында айтты.

Қазіргі таңда ПТР-зертханалардың көлемі артып келеді. Көктемде бір күнде 25 000 тексеру жасалса, тамыз айының соңында күніне 40 000 тест жасалды. Сонымен қатар, қыркүйек айында қосымша 20 зертханалық ПТР аппараты сатып алынды және аудан-ауданда ветеринарлық зертханалар ашылып жатыр. Қазан айында ПТР-тест жасау мөлшерін тәулігіне 60 мыңға дейін көтеру жоспары бар. Қазір халықты тестілеумен барынша қамтамасыз етуге дайындық жүріп жатыр, - деді ол.

Комитет төрағасы бүгінде 8 мобильді ПТР аппараты сатып алынғанын айтты. Ол қазан айында аудандарға жіберіледі.

Шілде айында Үкімет резервінен қосымша қаражат бөлініп, жалпы саны 1,2 миллион тест сатып алынған болатын. Ол Денсаулық сақтау министрлігінің зертханалары арқылы сатып алынуда. Сонымен қатар, тест әрбір медициналық мекемедегі әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы да алынып, сырқаттанғандар тексеріліп жатыр. Әзірге шетелдік тест жүйелері қолданылып жатыр, себебі, қазақстандық тест әлі тіркеуден өтпеді, - деді ол.

Тимур Сұлтанғазиев ресейлік «Гриппол+» вакцинасының коронавируспен ауырып жазылып шыққан науқастарға қарсы белгілері жоқ екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы