Азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметі қорытындыланды
«Ұстаным» пікірталас клубының қорытынды отырысы аясында «Адал азамат – белсенді қоғам» азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру» стратегиялық әріптестігін іске асыру қорытындылары талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отырыста жоба қатысушылары атқарған жұмыстарын, қол жеткізген көрсеткіштерін таныстырып, басқа өңірлермен тәжірибе алмасты.
Биыл азаматтар арасында ең өзекті мәселелер бойынша «Ұстаным» клубының 6 отырысы өткізілді. Барлық өңірлерде 2 мыңнан астам адамға консультациялық көмек көрсетілді. Әлеуметтік желілерде 275 материал жарияланды. Сондай-ақ 20 тікелей эфир ұйымдастырылып, арнайы подкаст құрылды.
Сонымен қатар, ҮЕҰ-лар өкілдері үшін төрт көшпелі семинар және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар үшін екі семинар өткізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Батыс Қазақстанда колледж студенттері бопсалау күдігімен ұсталды
Келесі жаңалық
Үлкен ауылының тұрғындары екінші АЭС құрылысын қолдайды
Өзгелердің жаңалығы