Азаматтық қоғам өкілдері Жолдауды талқылады
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және сарапшылар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймолдинов Мемлекет басшысы Жолдауындағы негізгі міндеттерді атап өтіп, еңбек адамына қатысты тетіктерге тоқталып өтті.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Ғалым Құрманның айтуынша, бүгінгі таңда қазақстандық ҮЕҰ белсенді дамып, қоғам өмірінің түрлі салаларында жұмыс істеуде.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы жаңа реформалардың азаматтық қоғамды дамытудағы жұмысқа және үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне жаңа серпін беретініне сенімді, – деп атап өтті Ғалым Құрман.
Талқылау соңында қатысушылар азаматтық сектордың белсенділері ел Президенті реформаларын тиімді іске асыруда бірлесе отырып тыңғылықты жұмыс жасайтынын алға тартты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы