Азаматтық форум қарсаңында жастар мәселесі талқыланды
Қазақстандағы XII Азаматтық форум қарсаңында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандағы XII Азаматтық форум қарсаңында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесуге Қазақстанның Азаматтық альянсы президенті Бану Нұрғазиева және Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Жанаргүл Әлжанова қатысты.
Бүгінде елімізде шамамен 680 мың студент білім алуда. Кездесу барысында қатысушылар студенттерді толғандыратын өзекті мәселелерді талқылады.
Атап айтқанда, әлеуметтік белсенді жастарға білім гранттарын бөлу, жеңілдік санатындағы студенттерді қолдау, волонтерлік қызметті дамыту және педагог-психологтарды даярлау тақырыптары қозғалды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы жүйелі өзара байланыстың маңызын атап өтті. Ашық диалог пен бірлескен шешімдер білім сапасын арттыруға және жастардың мемлекеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретіні айтылды.
Бұл кездесу орталық мемлекеттік органдар басшылығы мен азаматтық сектор арасындағы кездесулер сериясының жалғасы. Мұндай форматтағы диалог өзара сенімді нығайтуға, ашықтық пен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
- Суданда алтын кеніші опырылып, кемінде 67 адам қаза тапты 05:17
- Сауд Арабиясы Оман арқылы мұнай жеткізілімін арттырмақ: Мұнай бағасы төмендеді 04:26
- Аяз, жаңбыр және тұман: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды 03:41
- Еурокомиссия басшысы Канаданы ЕО-ның «қауымдастырылған мүшесі» етуді ұсынды 02:35
- Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонында ірі өрт шықты 01:28
- Сауалнама нәтижесі: Әлемде АҚШ-тың жаһандық көшбасшылығына қолдау төмендеді 00:31
- Астанада оқушылар кітапты ЖИ-мен бірге талқылайтын жоба іске қосылды 16.09.2026