«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» төрағасы тағайындалды
Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ғалым Құрман «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы АҚДМ баспасөз қызметі мәлімдейді.
Ғ. Құрман Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетін тәмамдады.
Еңбек жолын Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының бухгалтерлік есеп қызметінің бас экономисі ретінде бастады.
Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімінің орынбасары, Астана және Шымкент қалаларындағы Тексеру комиссиясының мүшесі, «Nur Otan» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
«Мемлекеттік аудитор» біліктілігіне ие. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап АБҚО Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, ІІІ дәрежелі «Қаржы сақшысы» төс белгісімен марапатталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі деп санайды – СІМ
Келесі жаңалық
Алматыда жыл соңына дейін 16 жатақхана пайдалануға беріледі
Өзгелердің жаңалығы