Азаматтық авиация Астана - Дубай рейстерінің кешігуіне қатысты пікір білдірді

Азаматтық авиация комитеті Алматы – Камран және Астана - Дубай рейстерінің кешігуі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

20 ақпандағы VJ 062 рейсі "Vietjet" әуе компаниясының Алматы – Камран бағыты бойынша кесте бойынша сағат 02:05-те ұшуы тиіс болатын. Рейстің ұшуы ағымдағы жылдың 20 ақпанында сағат 23-00-де жоспарланған.

Қолданыстағы заңнамасына сәйкес, барлық жолаушы қонақ үйге орналастырылған, оларға сусындар, ыстық тамақ беріліп жатыр.

Сондай – ақ, "Fly Dubai" әуекомпаниясының Астана-Дубай бағыты бойынша биыл 19 ақпандағы FZ 1304 рейсі бастапқыда 19 ақпандағы сағат 05-05-те ұшуға жоспарланған болатын, алайда техникалық ақаулық себебінен рейс ағымдағы жылғы 20 ақпандағы сағат 21-30-ға дейін кешіктіріледі. Жолаушылар қонақ үйге орналастырылады, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес сусындар, ыстық тамақ беріліп жатыр. Сондай-ақ, жолаушыларға әуе билеттерін қайта брондау және толық қайтару ұсынылды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, туристік пакет шеңберінде әуе билеттерді сатып алған жолаушылар туроператорларға хабарласуы қажет

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәди Искаков - архив
Өзгелердің жаңалығы