Азаматтық алу жеңілдейді: Қазақ тілінен талап төмендетілмек
Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтық алу талаптарын жеңілдетуді, атап айтқанда қазақ тілі бойынша шекті ұпайды төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан азаматтығын алу немесе қалпына келтіру үшін үміткерлер келесі балл жинауы қажет:
- Қазақ тілі бойынша — кемінде 15 балл (бұрын 36 балл болған);
- Конституция негіздері бойынша — 20 балл (бұрын 9 балл);
- Қазақстан тарихы бойынша — 15 балл (бұл талап өзгермейді).
Жаңа талаптар әр пән бойынша сұрақтар санын теңестіріп, жалпы өту шегін 10%-ға төмендетуді көздейді.
Жоба азаматтық алуға ниетті тұлғаларды тестілеу кезінде пәндер бойынша сұрақтар санының барынша тең арақатынасын қамтамасыз етуге және өту шегін 10%-ға азайтуға мүмкіндік береді, — делінген жазбада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы