Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы 2025 жылға дейін әзірленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Екі жылда қоғамдық кеңестер Үкіметтік емес ұйымдардың 12 мыңнан астам жобасын қараған. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда республикада барлық деңгейде билік органдарымен өзара іс-қимыл жасайтын 229 қоғамдық кеңес жұмыс істейді.«Мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогты нығайту аясында ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл бойынша үйлестіру кеңесі құрылды. Өткен жылдың қараша айында Азаматтық форум өткізілді. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары тұрақты түрде ҮЕҰ-мен кездесулері ұйымдастырады. Мемлекеттік органдар жанындағы коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілдер институты жұмыс істейді. Бүгінде республикада 229 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Олар барлық деңгейде қоғам мүддесін көтере отырып, билік органдарымен өзара әрекет жасайды. Мысалы, 2017-2018 жылдары қоғамдық кеңестер 12 мыңнан астам ҮЕҰ жобаларын қарады, мыңдаған қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырды», - деді Абаев.
Министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы әзірленетінін атап өтті.
«Құжат азаматтық секторды одан әрі сапалы дамыту үшін негіз қалыптастыруға бағытталған. Тұжырымдама жыл соңына дейін қабылдануы тиіс», - деді ведомство басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы