Азаматтарымыз Конституцияның өзінің жеке басы мен отбасы үшін маңыздылығын сезінуі тиіс – Тұрғымбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.
Құрметті отандастар! Қымбатты ардагерлер және әріптестер! Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймын. Тәуелсіздік алған кейін қабылданған Ата Заңымыз қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастағанын бүгінгі уақыт дәлелдеп отыр, - деп жазды министр Facebook-те
Тұрғымбаев атап өткендей, Ішкі істер органдарының маңызды міндеттерінің бірі - осы Ата Заңға сүйене отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету.
Келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуына ішкі істер органдарының да қызметкерлері үлкен үлес қосады деген сенімдемін. Әр отандасымыз Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінуі тиіс. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын, - деп айтты ІІМ басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдау жасайды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы