Азаматтарға тағы бір жәрдемақы тағайындалуы мүмкін: Кім рәсімдей алады?
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов комада жатқан азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық өзгерістер ұсынылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, кейбір адамдар айлап комада жатады және өз еркін білдіріп, өтініш жазуға немесе қол қоюға мүмкіндігі болмайды. Ал қолданыстағы заңнамада мұндай жағдайларға арналған нақты әрі тиімді тетіктің болмауы салдарынан мүгедектікті рәсімдеу, жәрдемақы мен техникалық оңалту құралдарын алу қиындық тудырып келген.
Осы олқылықтың орнын толтыру үшін тиісті түзетулер ұсынылды. Енді комада жатқан адамның заңды өкілдері оның атынан өтініш беріп, мүгедектікті рәсімдей алады. Бұл өзгеріс жәрдемақыларды, техникалық оңалту құралдарын және өзге де қажетті әлеуметтік көмекті алуға мүмкіндік береді, - дейді Аймағамбетов.
Депутаттың айтуынша, бұл бастама ең алдымен адамгершілік қағидаттарына негізделген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаңаөзенде әйелін пышақтап өлтірген ер адам қамауға алынды
Өзгелердің жаңалығы