Азаматтардың жеке деректерін қорғау шаралары қалай күшейтілді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Kazakhstan Security System аясында өткен республикалық конференция барысында айтты.

Біздің министрлік жеке деректерді қорғау қызметін енгізіп жатыр. Бұл қызмет жеке деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алуға, азаматтардың жеке деректеріне үшінші тұлғалардың қол жеткізуіне рұқсат беруге немесе тыйым салуға, Egov аккаунты арқылы азаматтардың жеке деректеріне қатысты барлық сұрауларды қарауға мүмкіндік береді. Жасыратыны жоқ, біздің заңнамада мемлекеттік органдар азаматтың келісімінсіз жеке деректерге қол жеткізуге құқығы бар тәртіп қарастырылған, - деді ол.

Әбдіқалықов айтқандай, процестің ашықтығы үшін мемлекет, егер ол рұқсатсыз рұқсат алса, кем дегенде азаматқа бұл рұқсаттың алынғанын және оның не үшін жасалғанын хабардар етеді.

Қазір бізге азаматтардан көптеген шағымдар түсуде – азаматтар өздерінің жеке деректерін барлық мемлекеттік деректер базасынан алып тастауды талап етеді. Біз азаматтарға мұны істей алмайтынымызды түсіндіреміз. Біз заңнамалық деңгейде жеке деректерді қорғау шараларын күшейттік. Дербес деректер операторларын пайдалану үшін міндетті шаралар кеңейтілді және нақтыланды. Бұл дербес деректерді қорғауға жауапты тұлғаны тағайындау, біз жеке деректерді өңдейтін әрбір ұйымда жауапты тұлға болатынын енгіздік. Дербес деректерді жинайтын және өңдейтін тұлғалардың тізімін анықтау және бекіту, басқа техникалық талаптарға сәйкестігін қарау жұмыстары жүзеге асырылады, - деді Әбдіқалықов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы