Азаматтардың жартысына жуығы өздерінің учаскелік инспекторларын білмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы полицияның сервистік моделін енгізу туралы өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты.
Полицияның сервистік модельге көшуі бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру аясында тұрғындар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқан азаматтардың жартысына жуығы (46%) өздерінің учаскелік инспекторларын білмейтіні анықталды. Респонденттердің тек 2%-ы учаскелік пункттің немесе полиция бөлімінің орналасқан жері туралы біледі, - деді Милюк.
Ол атағандай, мұндай жағдай Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына шамадан тыс жүктеме сынды тағы бір проблеманы тудырады.
Бұған дейін Милюк полиция сервистік модельге қалай көшіп жатқанын айтты.Жасыратыны жоқ, астаналық ЖБО операторлары күніне 2-ден 2,5 мыңға дейін қоңырау қабылдайды, бұл ретте олардың негізгі бөлігі немесе шамамен 40%-ы қылмыстық емес сипаттағы өтініштер. Тиісінше, учаскелік полиция қызметкерінің өз әкімшілік учаскесінің тұрғындарымен тікелей диалогын құру кезінде ЖБО операторларына жүктемені кем дегенде екі есеге қысқартуға болады, - деді Алексей Милюк.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Милюк полиция сервистік модельге қалай көшіп жатқанын айтты
Өзгелердің жаңалығы