Азаматтардың саусақ іздерін тіркеу ерікті түрде жүргізіледі
Мәжіліс мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдап, Сенатқа жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдап, Сенатқа жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Түзетулерге сәйкес серіктестік ұйымдар мен келісімдер институты енгізіледі. Бүгінде пилоттық режимде ауылдарда «Қазпошта» бөлімшелерінде фронт-офистер табысты жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік қызметтер банктік қосымшаларда қол жетімді.
Заң бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі екіге бөлінеді. Мемлекеттік қызметтерді тек мемлекеттік органдар ғана көрсетеді, ал нәтижелерді қабылдау мен беруді мемлекеттік органдар дербес немесе әріптестік ұйымдар арқылы жүзеге асыра алады.
Құжаттарды алған кезде Қазақстан азаматтарының саусақ ізін тіркеу міндеттілігі алынып тасталады. Яғни, олар тіркеуден өз еркімен өте алады. Бұл ретте саусақ ізі шетелдік азаматтар үшін міндетті болады.
Сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін алу үшін Қазақстан аумағындағы тіркеу органдарына жеке өтініш беру талабы енгізіледі. Бұрын олар мұны елге келмей-ақ сенімхат бойынша жасай алатын.
- Солтүстік Қазақстанда 20 млн долларға аграрлық ғылыми орталық құрылады 18.11.2026
- Астанада Kaztraffic-2026 халықаралық көрмесі жұмысын бастады 18.11.2026
- Оралда үш жасар қыз пәтерде қамалып қалған 18.11.2026
- Семейде TikTok эфирінде балағат сөз айтқан әйел мәжбүрлі емдеуге жіберілді 18.11.2026
- Жүрегі оң жақта орналасқан: Астаналық дәрігерлер әйелге күрделі ота жасады 18.11.2026
- Түркістан облысында жылына 50 мың бас мал бордақылайтын ірі кешен ашылды 18.11.2026
- Балқашта 13 және 15 жастағы қыздарға қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдіктілер қамауға алынды 18.11.2026