Азаматтардың паспорттарын рәсімдеу мерзімі қысқартылды – СІМ

Бұл туралы БАҚ өкілдері үшін өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ресми өкіл Қазақстан азаматтарына мемлекеттік қызметтерді қолдану барынша ыңғайлы болу үшін бүгінгі таңда Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінде egov.kz порталы арқылы көрсетілетін 17 қызметтің 10-ы іске қосылғанын айтты.

Шетелде азаматтық хал актілерін тіркеу, жекелеген санаттағы электрондық визаларды беру, консулдық есепке қою және алу. Шетелде электрондық-цифрлық қолтаңба алу, сондай-ақ Қазақстандағы шетелдік инвесторлық қызметпен байланысты электрондық өтініш беру процесі автоматтандырылды, - деді ол.

Смадияров азаматтардың сұраныстарын өңдеу уақытын қысқарту мақсатында мемлекеттік ақпараттық жүйелер белсенді қолданылатынын жеткізді.

Бұл шара шетелдегі ҚР азаматтарының паспорттарын рәсімдеу мерзімін ҚР азаматтығын, отбасылық жағдайын және басқа да сұраныстарды растауды 3 айдан 1,5 айға дейін қысқартуға мүмкіндік берді, - деді ол.

Айта кетейік, Vmp.gov.kz көші-қон порталы арқылы елге оралуға арналған куәлікті рәсімдеу процесін автоматтандыру бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы