Азаматтардың мүддесі үшін: Скляр Qarmet-ке қатаң талап қоюдың кейінге шегерілуін түсіндірді

Qarmet өндірістік қуатты жаңғыртуға 3,5 млрд доллар қаржы салады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, инвестиция Теміртаудағы экологияны жақсартуға және компания бұған дейін 1,3 млрд доллардан астам қаржы салған шығарындыны қысқартуға бағытталған.

БАҚ өкілдері 2025 жылғы қаңтарға жоспарланған шығарындылардың коэффициенттерін қатайту 2028 жылға дейін шегерілген. Ал бұл уақытқа дейін төмендететін нормалар бар. Одан басқа, 2031 жылға дейін ластайтын нысандардың қатарынан барлық ЖЭО, Qarmet және Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты алынып тасталған. Вице-премьер мұндай шешім халықтың қызығушылығымен қабылданған.

Бұл мәселеде жауап айқын: біз ең алдымен өз азаматтарымыздың, халқымыздың мүддесін көздейміз. Бәріміз түсінуіміз керек: егер дәл қазір кез келген ЖЭО-ны қайта жаңғырту мерзімін белгілесек, дайын жобаның құны қазіргі шығыннан бірнеше есе жоғары болуы мүмкін. Иә, теориялық тұрғыдан бұл жұмысты қысқа мерзімде аяқтауға болады. Бірақ "Оны кім төлейді?" деген сұрақ туындайды. Нарықтық экономика жағдайында бұл шығынды тұтынушылар, яғни біз өзіміз өтейтін едік. Сондықтан қайта жаңғырту мерзімдері кейінге шегерілді, - деп түсіндірді Үкімет басшысының орынбасары.

Ерекше назарды Роман Скляр Qarmet-тің жобаларына аударып, компанияның инвестицияның ауқымын атап өтті.

Qarmet – еліміздің ауқымды 17 ірі жобасының қатарына кіреді. Компанияны жаңғыртуға 3,5 миллиард доллар көлемінде инвестиция салу жоспарланған. Қазіргі таңда кәсіпорынның газға қосылуы бойынша сынақтық кезең аяқталды. Жақын арада жергілікті шаруашылыққа газ жеткізілмек. Бұл өзгеріс Теміртау қаласындағы экологиялық ахуалға көзге көрінетін оң әсерін тигізеді. Qarmet бүгінде 1,3 миллиард доллардан астам қаржы салған. Жоба аясындағы жұмыс жалғасып жатыр және атмосфераға таралатын зиянды заттардың көлемі айтарлықтай азаяды деп күтілуде, - деді ол.

Склярдың мәлімдеуінше, энергетика барынша сезімтал сала екендігін мойындау қажет.

Тарифтерді соңғы жылдары көтеруге мәжбүрміз, себебі бұған дейін олар ұзақ уақыт бойы өспеген болатын. Жылу электр орталықтарында жұмыс істейтін азаматтарымыз өздерінің жоғары білікті еңбегі үшін мардымсыз жалақы алмауы тиіс. Біз сапалы қызмет алғымыз келеді, бірақ оның құны тым төмен болса, ондай нәтиже күту мүмкін емес, - деді Роман Скляр.

Оның айтуынша, аудандық қазандықтар мен облыс орталықтарындағы ЖЭО-ларды жаңғырту жұмыстары кейінірек жүзеге асырылады. Сонымен қатар Роман Скляр Қазақстан өз климаттық міндеттемелерінен бас тартпайтынын нақты айтты.

Қазақстан 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі өз міндеттемелерінен ешқашан бас тартқан емес. Бұл бір сәтте жүзеге асатын үдеріс емес. Аталған кезеңде біз жаңа энергия көздерін, атап айтқанда жаңартылатын энергия көздерін, су электр станцияларын және газ станцияларын белсенді түрде дамытуға ниеттіміз. Бұған қатысты жоспарлар мен үкіметаралық келісімдер туралы өздеріңізге белгілі, - дейді бірінші вице-премьер.

Сонымен қоса Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты туралы айтқанда, жұмыс орындарын сақтау мен өңірдегі тұрақтылықтың қажеттілігін де еске салды.

Біз үшін бұл кәсіпорынға тәуелді қаланың өмір сүріп, дамуы аса маңызды. Сондықтан экологиялық шараларды енгізу мерзімдерін әр кәсіпорын үшін жеке, негізді түрде белгілеуге толық құқымыз бар. Олардың барлығы тиісті есептеулерге негізделген және компаниялардың жоспарларымен расталған. Мысалы, Qarmet-ті алып қараңыз: бұл – халықаралық өнеркәсіп орталығы орналасқан өңірдегі 35 мың жұмыс орны. Біз оларға қажетті кезеңдерден өтіп, экологиялық шараларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру мүмкіндігін беруіміз керек, - деді Роман Скляр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: коллаж BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы