Азаматтарды қайырымдылыққа ынталандыру заңға енгізіледі
Азаматтарды қайырымдылыққа және волонтерлік қызметке қатысуға ынталандыру үшін заң аясында қайырымдылықты және волонтерлікті ынталандырудың қаржылық емес шаралары көзделген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Парламен Мәжілісінің депутаты, Парламент Мәжілісінің жұмыс тобының жетекшісі Вера Ким Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Мәжіліс депутаты және осы заңның Мәжілістегі жұмыс тобының жетекшісі Вера Кимнің айтуынша, заң аясында қайырымдылық, волонтерлік қызметті ынталандыру мен дамытуға, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын мемлекеттік қолдауға бағытталған жаңа нормалар қабылданды.
Негізгі жаңа нормалар мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының өзгеруін көрсетеді. Азаматтарды қайырымдылыққа және волонтерлік қызметке қатысуға ынталандыру үшін заң аясында қайырымдылықты және волонтерлікті ынталандырудың қаржылық емес шаралары көзделген. Атап айтқанда, волонтерлерге мемлекеттік марапаттар, қайырымдылық саласындағы құрметті атақтар беру, мемлекеттік мүлікті волонтерлік және қайырымдылық ұйымдарға сенімгерлік басқаруға беру. Сонымен қатар волонтерлік қызметті дамыту мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттық қаржыландыру және үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар беру бағыттарының тізіміне енгізілген, - деді ол.
Сондай-ақ заңда үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын гранттық қаржыландырудың жүйесін саралау қарастырылған.