Азаматтардың петиция арқылы ұсыныс енгізе алуы билік пен халықты жақындатады 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Онлайн петиция бірігей институтының құрылып, ел азаматтарының реформалар жөнінде ұсыныстар айтуы, сондай-ақ ауыл әкімдерін сайлау халық пен билік арасын жақындата түседі. ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына қатысты осындай пікір білдірді. 

Оның айтуынша, Мәслихат депутаттары петиция арқылы қол жинап, жергілікті жердегі мәселелерді көтере алатын тетіктердің қарастырылуы маңызды қадамдардың бірі. Оларға осындай мүмкіндіктің берілуі аймақтардың қордаланған мәселелерін шешілуіне жасалған жағдай.
Мемлекет басшысының Жолдауда кәсіби бағдарлау мен еңбек нарығын мектеп қабырғасынан бастап есепке алу мәселесін көтеруі осы саланың өзекті тұстарының бірі. Президенттің кәсіби бағдар беру саясатына көшу туралы ұсынысы қоғамда еңбек ұғымын жаңғыртумен пара-пар. Шын мәнінде жас буынды ерте жастан нәтижелі еңбекке баулу, кәсіби бағдарлау қажеттілігі туындаған еді. Бұл кәсіподақ ұйымдарының жұмысына да жаңа серпін береді деген ойдамын, - дейді Нұрлан Өтешов. 
Оның пікірінше, жемқорлықпен күресті барынша күшейтуге, медицина, білім беру саласын оңтайландыру және отандық бизнесті өркендетуге арналған нақты тапсырмалардан халық көкейінде жүрген көптеген сауалдарға жауап алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы