Азаматтарды алалау емес: Министр автонесиелеуге енгізілетін өзгерістер жайлы айтты
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда автонесиелеу бағдарламасына енгізілетін өзгерістерді тағы бір рет түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алғашқы жарнаны енгізу жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жетілдіруге арналған. Біз жалақының шекті мөлшерін белгілейміз. Жалақысы шекті мөлшерден жоғары азаматтар бағдарламаға қатыса алмайды. Несиені төлей алатынын растау үшін, азаматтарда кем дегенде 10-15 пайыз алғашқы жарна болуы керек деп есептейміз, - деді ИИДМ басшысы.
Сөзінше, өзгерістер 15 мамырға дейін оны жарияланады. Министр ведомство жалақысы төмен адамдар деп бөліп отырмағанын айтты.
Осыған дейінгі несие алғандардың жалақысын зерттейміз, зерделейміз. Кейін шекті жалақыны бекітеміз. Көлігі барлар бұл бағдарламаға қатыса алмайды. Сондай-ақ осыған дейін бағдарламаға қатысқан адамдар да несие ала алмайды, - деп түсіндірді Қарабаев.
Үкімет кулуарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасына өзгеріс енгізілетінін айтқан болатын.