Азаматтарды 3 млрд теңгеге алдаған қылмыстық топтың жетекшісін ұстады

Елордада Маңғыстау облысы ПД  криминалдық полиция және экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 32 жастағы қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұсталған адам мен ол құрған ұйымдасқан топтың мүшелері алаяқтық әрекеттер жасады деп айыпталды, нәтижесінде 231 азаматқа 3 миллиард теңгеге жуық шығын келтірілді.

Бұған дейін бұл қылмыстық топтың 5 мүшесін полиция қызметкерлерімен құрықталған болатын. Қазір олар тергеуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы