Азаматтар ұшаққа музыкалық аспап алып кіретіні туралы алдын ала ескертуі керек - министр

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкіметте өткен брифингте осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еліміздің әнші-әртістерінен ұлттық аспаптарға қатысты жиі шағым түсіп жатады. Өкінішке қарай, ұшақтың бортына сыймай қалып жатады немесе жоғалып кетіп жатады. Осы мәселені шешеміз деп осыған дейін айтқан едіңіз. Қазір қандай сатыда? Бұған қатысты бірнеше шулы мәселе болды, - деп сұрады БАҚ өкілдері.

Менің қасымда музыкалық аспап болады деп алдын ала айтса, оған тиісті мүмкіндік қарастырылады. Кейбір кездері ұшақ қандай болады?! Бамбардер болуы мүмкін немесе тіпті кішкентай ұшақ болуы мүмкін. Ол жерде жолаушы қолына ұстап отырмайды ғой, ол қауіпсіздікке сәйкес келмейді. Ал үстіндегі жүк қоятын жерге кейбір құралдар сыймайды. Сондықтан баратын кісі алдын ала компанияға хабарласып немесе билет алып жатқанда қасымда осындай музыкалық аспап болады, оның параметрі былай деп айтып, ескертуі керек. Егер жүк қоятын жеріне мүмкіндік болса қояды. Ал оны қоюға мүмкіндік болмаса, онда “қасыңыздан тағы бір орын алыңыз” деп айтады. Мәселенің барлығы осында, - деді министр.

Марат Қарабаев ең бастысы қауіпсіздік екенін еске салды.

Алдын ала мәлімет берсе, компания оған қосымша билет алуы қажет пе, қажет емес пе, соны айтады. Билет алған уақытта алдын ала айту керек, сонда ешқандай мәселе туындамайды. Ешкім ештеңе айтпайды да, одан соң видеоға түсіреді. Мысалы, қасыңызға мысық, ит алатын болсаңыз, алдын ала айтасыз ғой, менде осындай болады деп. Дәл сол сияқты аспапқа да қатысты айтуы керек, - деп түсіндірдң министр Үкіметте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы