Азаматтар туралы деректер орталық серверге қалай жіберіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Халық санағын өткізу кезеңінде деректерді орталық серверге беру екі тәсілмен жүзеге асырылады. Бірінші әдіс – ұялы байланыс операторының қорғалған желісі арқылы онлайн режимде планшеттен беру. Интервьюер планшетпен оператордың қызметімен қамту аймағында болған жағдайда, байланыстың мұндай түрі барлық деңгейлерде қолданылуы мүмкін, - деді Айдапкелов.

Ол атағандай, ұялы байланыс желісі нашар шалғай елді мекендерде сауал салу жүргізу кезінде пайдаланылады.

Интервьюерлер үшін деректерді жергілікті атқарушы органдар қосылған арнайы желі арқылы оффлайн режимде орталық санақ серверіне беру мүмкіндігі қарастырылған. Байланыстың бұл түрі ЖАО-ның барлық деңгейлерінде қолжетімді. Бұдан басқа барлық аумақтық статистика органдары қосылған, Бюроның ведомстволық деректерді беру желісі бойынша деректерді жіберуге болады. Барлық жіберілетін файлдар шифрланады, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы