Азаматтар колоректальды қатерлі ісікке қарсы тегін тексерістен өтуге шақырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл шақыртуды Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ҚазОжР ғылыми-зерттеу институты беріп отыр.

ҚазОжР ғылыми-зерттеу институтының хабарлауынша, дүниежүзі бойынша колоректальды қатерлі ісікпен ауырғандар саны жыл сайын артып келеді. Қазақстандағы онкопатологияның жалпы құрылымында обырдың бұл түрі ең көп таралған бестікке кіреді. Жыл сайын колоректальды қатерлі ісіктердің 3000-нан астам жағдай тіркеледі. Тәуекел тобында - 50 жастан асқан адамдар.

Қазақстан ТМД елдері бойынша, 2011 жылдан бастап колоректальды қатерлі ісікке қарсы ерте диагностикалау тегін скринингі енгізілген алғашқы ел болып табылады. 50-ден 70 жасқа дейінгі қазақстандықтар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша орналасқан емханалардан колоректальды қатерлі ісікке қарсы скринингтен өте алады.

Сонымен, еліміздің қалалары мен өңірлерінде орналасқан мемлекеттік онкологиялық диспансерлер мен онкологиялық орталықтардың мекен-жайларын ұсынамыз:

1) ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Алматы қаласы, Абай даңғылы 91 үй;

2) Алматы онкологиялық орталығы, Папанин көшесі, 220;

3) Алматы өңірлік онкологиялық орталық, Алматы қаласы, Демченко көшесі, 83;

4) Нұр-Сұлтан қаласы: қалалық онкологиялық орталығы, Манас көшесі, 17;

5) Көкшетау облыстық онкодиспансері, Ақан-Сері көшесі, 1/б;

6) Ақтөбе облыстық онкодиспансері, Жаңаконыс ықшам ауданы, 8;

7) Талдықорған облыстық онкодиспансері, Абай көшесі, 316;

8) Атырау облыстық онкодиспансері, Владимирский көшесі, 2;

9) Өскемен облыстық онкодиспансері, Серикбаев көшесі, 1

10) Семей ядролық медицина және онкология орталығы, Кутжанов көшесі,3;

11) Тараз облыстық онкодиспансері, Азербаев көшесі, 156;

12) Орал облыстық онкодиспансері, Алматинская көшесі, 58;

13) Қарағанды облыстық онкодиспансері, Кривогуза көшесі, 189;

14) Қызылорда облыстық онкодиспансері, Абай даңғылы, 65;

15) Қостанай облыстық онкодиспансері, Кубеев көшесі, 2;

16) Ақтау облыстық онкодиспансері, 26 ықшам ауданы 71/6;

17) Павлодар облыстық онкодиспансері, Мира көшесі, 41;

18) Петропавл облыстық онкодиспансері, Ауэзов көшесі, 133;

19) Шымкент облыстық онкодиспансері, Байтурсынов көшесі, 85а.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы