Азаматтар кейбір әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлемей, қамауға алынуы мүмкін

Кейбір әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл салу қамауға алуға ауыстырылады. Бұл туралы Мәжілісте заң жобасын талқылағанда белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әділет министрі Азамат Есқараев “Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мақұлданған өзгерістер аясында Президент жанындағы Құқық қорғау және сот жүйелерін реформалау жөніндегі комиссия әзірлеген және Мемлекет басшысы мақұлдаған түзетулер іске асырылып жатыр.

Жекелеген салалардағы бұзушылықтардың ескіру мерзімін есептеу кезінде құқық бұзушылық жасау сәтімен қатар оның ашылған сәтін де ескеру ұсынылады. Бұл мемлекеттік органдардың жедел шаралар қабылдауына ықпал етеді, - деді ол.

Сондай-ақ белгілі бір құқық бұзушылықтар, атап айтқанда, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы заңсыз мәмілелерді тіркегені және клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін бұзғаны үшін қамауға алуды айыппұлмен алмастыру жоспарланған.

Денсаулыққа зиян келтірмейтін жазатайым оқиға үшін жүргізуші куәлігінен айырмау ұсынылады. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың саралануын тек құқық бұзушының жағдайын жақсарту бағытында өзгерту, құқық бұзушылықтарды соттан мемлекеттік органдардың құзыретіне беру бойынша жұмысты жалғастыру қарастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы