Азаматтар әскерге SMS-хабарлама арқылы шақырылады
Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Фархат Құрманғажиновтың айтуынша, мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарға SMS-хабарламалар жіберу жүйесі әскерге шақыру процесін түбегейлі оңтайландырған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Полковниктің сөзінше, бұрын шақыру қағазын табыстау үшін әскери комиссариат қызметкерлері азаматтардың тұрғылықты мекенжайына баруға мәжбүр болатын. Бұл – транспорт, жанар-жағармай және уақыт шығынын талап ететін.
Статистика бойынша, он мекенжайға барғанда тек екі-үш азаматты ғана табатынбыз. Қалғандары ол мекенжайда тұрмайтын, не ұзақ мерзімге сапарға немесе вахталық жұмысқа кетіп қалатын. Осылайша хабарландыру жұмыстарының 75–85 пайызы нәтижесіз болатын, – деді ол.
Қазір енгізілген жаңа жүйе арқылы SMS-хабарламалар азаматтарға бірден жеткізіледі. Құрманғажиновтың айтуынша, бұл әдіс уақыт пен ресурсты үнемдеп, әскерге шақыру жұмысын анағұрлым тиімді еткен.
Айта кетейік, бүгін БАҚ өкілдері “Smart военкомат” және “Е-Медосмотр” жобаларының жұмысымен танысты.