Азаматтарға арналған үкімет ескертеді!
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ тұрғындарға ЦҚ-ңыздың әрекет ету мерзімі аяқталатыны туралы ескерту SMS келгеннен кейінгі жағдайды түсіндірді.
Сіздің телефоныңызға ЭЦҚ-ңыздың әрекет ету мерзімі аяқталатыны туралы ескерту SMS келді ме? Онда сізге келесі ақпарат өте пайдалы: SMS-хабарлама келген бойда Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталындағы өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіріп, жарамдылық мерзімін тексеріңіз - дейді мамандар.
Жеке кабинетке сіз интернет-ресурстың басты бетінен немесе SMS-те көрсетілген сілтеме бойынша кіре аласыз. Ары қарай келесідей алгоритм бойынша әрекет етесіз.
Қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректерді толтырыңыз; "Кілттер тізімін жаңарту" батырмасын басыңыз. ЭЦҚ құпиясөзін (паролін) дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті бейнеленеді. Қол қойып, әрі қарай жұмысқа кірісеміз; ЭЦҚ кілттерімен жұмыс жасау үшін "Менің ЭЦҚ кілттерім" бөліміне көшеміз. Ашылған мәзірден "ЭЦҚ кілттерін қайта шығару" тармағын таңдайсыз - деп түсіндіреді нұсқаушылар.
Электрондық қолтаңбаның қолданылу мерзімі әлі аяқталмаған жағдайда өтінімді онлайн беруге болады.
Бұдан әрі негізгі жолдарды толтырыңыз, "Өтінім беру" батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз; Егер ЭЦҚ-ны сақтау үшін сіз компьютерді таңдасаңыз, өзіңіздің ЭЦҚ кілттеріңізге құпиясөз (пароль) ойлап табыңыз және енгізіңіз, одан кейін "Сертификаттарды жүктеу" батырмасын басыңыз. Құпиясөзде төменгі және жоғарғы регистрдегі латын әріптері, сондай-ақ сандар болуы тиіс. Құпиясөздің ұзындығы кем дегенде 6 таңбалы болуы керек - делінген түсіндірмеде.
"Сертификаттарды жүктеу" батырмасын басқан соң тіркеу куәліктерін сәтті орнатқаныңыз туралы хабарлайтын терезе пайда болады.
Айтпақшы, ЭЦҚ қолдану мерзімін ұзарту да, оны жаңадан рәсімдеу де тегін.