Азаматтарға арналған үкімет Арыс қаласындағы жұмысын қайта жандандырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласына қайтып келген тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтердің дер кезінде көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мобильді ХҚО-лар жұмысын ұйымдастырды.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін Арыста 5 мобильді ХҚО қамтамасыз етеді. Бұл мақсатта ХҚО мамандарымен қатар жылжымайтын мүлікті тіркеу, әлеуметтік қамсыздандыру, жер кадастры мен мүлікті техникалық бақылау бөлімдерінің жұмыскерлері жұмылдырылып отыр. Сондай-ақ халықты құжаттандыру (жеке бас куәлігін, паспортты рәсімдеу) үшін Түркістан облысының миграциялық полиция қызметкерлері тартылатын болады.
Бүгінде Арыс қаласындағы ХҚО ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Алдын ала жасалған жоспар бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы жөндеуден кейін 2 шілдеден бастап жұмыс істейді деп күтілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда балет театры мен конгресс-орталық салынады
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы