Азаматтар 2 АЕК-тен кем пара берсе де, жазаға тартылады – Асанұлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Превенция қызметі басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы «AntikorNews» брифингінде айтты.
Қостанай облысында сотталған құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғасына 800 мың теңге пара бергені үшін 24 млн теңге айыппұл салынды. Шығыс Қазақстан облысында коммуналдық мекеменің лауазымды тұлғасына 500 000 теңге пара бергені үшін пара берушіге 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Алматы қаласында пара берушілердің бірі 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - деді ол.Асанұлы атап өткендей, 2 АЕК-тен кем пара беру пара берушіні жауапкершіліктен босатпайды.
Заңсыз материалдық сыйақының және сыйлықтардың мұндай түрі 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай құқық бұзушылықтар, қылмыстық немесе әкімшілік болсын, сіздің жеке ісіңізде із қалдырады. Бұл сіз үшін де, жақындарыңыз үшін де жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Мысалы, бұл мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік секторға жұмысқа орналасуға кедергі болады. Сондай-ақ Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау жұмыс берушінің өзінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу үшін негіз, - деді Ғанижан Асанұлы.Сыбайлас жемқорлық көріністерімен соқтығысқан жағдайда, бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тәулік бойғы call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Қоңырау шалу тегін. Ақпарат расталған жағдайда 80 мыңнан 11 млн теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы беріледі, - деді ол.Еске салсақ, осыған дейін Бараев атындағы институттың директоры мен бірқатар қызметкері сотталып кеткені белгілі болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы