30 Қаңтар 2023, 13:14
Фото: ОКҚ
Азаматқа өзін банкрот деп жариялауына кім көмектесе алады?
Банкроттық процесті іске асыруға кім көмектесе алады? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтып берді.
Банкроттық процесті іске асыруға кім көмектесе алады? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтып берді.
Қазіргі таңда қаржы басқарушылары заңнама бойынша көрсетілген. Олар сот банкроттығы рәсімін жүзеге асырады, - деп айтты вице-министр.
Біржанов ол жұмысты іске асыруға кім көмектесе алатынына тоқталды.
- Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер;
- Кәсіби бухгалтерлер;
- Заң кеңесшілері;
- Аудиторлар.
Оларға қосымша талаптар қойып жатқан жоқпыз. Елімізде кеңінен тараған палаталар арқылы осы тізімге жататындар бізге арыз беру арқылы реестрге қосыла алады. Мамандардың жалақысы заңнамада көрсетілген. Қызметтері ақылы, борышкердің мүлкі есебінен — айына бір ең төменгі жалақыны ғана ала алады. Яғни 2023 жылы бұл 70 мың теңге. Айына осы сомадан артық ақша ала алмайды, - деп түсіндірді Қаржы министрлігі өкілі.
Мүлкі жоқ әлеуметтік осал адамдар үшін қаржы басқарушыларының қызметтерін мемлекет төлейді.
- Ұлытау облысында 50 шаршы метр аумақта битум өртенді 06:35
- «Трамп мұхиты» болуы мүмкін: АҚШ президенті жаңа жоспарын айтты 05:18
- Алматыда қоқыс жәшігінің жанынан мылтық табылды 04:27
- Парсы шығанағында өртенген танкерден 22 теңізші құтқарылды 03:40
- Тұман және қатты жел: 15 облыста дауылды ескерту жарияланды 02:34
- Трамп Ресей дизеліне қатысты келісімнен кейін Зеленскийді сынға алды 01:29
- Эр-Рияд әуежайына жасалған шабуылдан бірнеше адам жарақат алды 00:30