Азамат Конституциялық Сотқа Конституция нормаларына түсініктеме алу үшін жүгіне ала ма

Азамат Конституциялық Сотқа құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру және Конституция нормаларына түсініктеме алу үшін жүгіне алмайды. Бұл жайлы Конституциялық Сот түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азамат Конституциялық Сотқа құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру және Конституция нормаларына түсініктеме алу үшін жүгіне ала ма?

Жоқ. Азамат Конституциялық Сотқа жалпы юрисдикциялы соттың құқықтық актінің белгілі бір нормасының Конституцияға сәйкестігін тексеру мәселесі бойынша ғана жүгіне алады. Құқықтық актілердің нормаларын түсіндірме алу үшін азамат белгілі бір қызмет саласында реттеуді және басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгіне алады, - делінген КС-ның хабарламасында.

Сонымен қатар “Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы” заңға сәйкес әрбір азамат адвокаттардан, заң консультанттарынан және заң көмегін көрсететін басқа да тұлғалардан заңгерлік кеңес ала алады.

Негізгі заңның нормалары бойынша тек Президент, Сенат пен Мәжіліс төрағалары, Парламент депутаттары (олардың жалпы санының кемінде бестен бір бөлігі), Премьер-министр мен Бас прокурор Конституциялық Сотқа тиісті сұрау салу арқылы жүгінуге құқылы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы