Азамат Дәулетбеков халықаралық турнирде топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрестен Дағыстанда (Ресей) халықаралық турнир өтіп жатыр. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Қазақстандық еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. 

Азамат финалдық белдесуде жергілікті балуан Арсен Али Мусалалиевті 8:5 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда ол Сармат Сархогвты 10:0 есебімен таза жеңген болатын.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы