Қазақстанның үздік құрылысшылары марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның құрылысшылар одағы еліміздегі үздік құрылысшыларды марапаттады.

Елордада өткен салтанатты шарада құрылыс саласына 40 жылға жуық өмірін арнаған, қызмет жолында жеткен жетістігі көп мамандарға құрмет көрсетілді. Олар ҚР ИИДМ-ның "Құрметті құрылысшы" және Қазақстанның құрылысшылар одағы атынан «Еңбегі сіңген құрылысшы» төс белгілерімен марапатталды.


Үздік құрылысшыларға төс белгілерді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов, қоғам қайраткері Бақыт Сыздықова, тележүргізушілер Айгүл Мукей мен  Динара Сатжан және "Қазақстан құрылысшылар одағы" РЗТБ төрағасы Талғат Ерғалиев тақты.


Ал,  “Славян базары - 2019” халықаралық өнер фестивалінің жеңімпазы Әділхан Макин құрылысшылардың құрметіне арнап салтанатты кеште ән орындады.


Жалпы, еліміз бойынша үздік деп танылған 50 құрылысшы еңбек өтілінің мерзіміне қарай марапатталды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы