Қазақстанның шығысында оқу-әдістемелік жиын өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің базасында әскери бөлімдерге бағынысты спорт және дене шынықтыру дайындығы бастықтары үш күндік оқу-әдістемелік жиын өткізді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

20-дан астам офицер бақылау көрсеткіштерін тапсырды. Жиын барысында армиялық қоян-қолтық ұрыстан, гимнастика мен атлетикалық дайындықтан сабақтар өтті, сондай-ақ таңертеңгілік жаттығу бойынша көрсетілім болды.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Талғат Сапарбаев биылғы жылы оқу-әдістемелік жиындардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.  

Жаңа Ахмер ауылында дене шынықтыру мамандарының жиыны алғаш рет өтті. Айта кету керек, іс-шара тиісті деңгейде ұйымдастырылды. Әскери бөлімнің жақсы спорттық-материалдық базасы да бұған ықпал етті: сабақтар өткізуге арналған жеке спорттық кешеннің, тамаша тир, кедергі жолақтары мен үй – жайдың болуы соның айғағы, - деді ол.
Жиынға қатысушылардың бірі, әскери бөлімнің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы капитан Серік Хабаев жиын барысында "қосымша кәсіби білім алып, тәжірибе жүзінде өз теорияларын тексеріп, әріптестерімен тәжірибе алмасқанын" атап өтті. Оның айтуынша, алынған білім мен тәжірибе әскери қызметшілерді оқыту кезінде құнды болады.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріндегі дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызмет бөлімдері мен қызметтері жыл сайын жаңа деңгейде дамуда. Бұған өткен жылғы  әскери қоян-қолтық ұрыстан қорғаныс министрінің кубогінде бірінші орын, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен Қарулы күштердің XVI спартакиадасында бірінші орын және тағы басқа қол жеткізілген жетістіктер дәлел болып табылады.

Айта кету керек, 2019 оқу жылының қорытындысы бойынша сабақтарды сапалы ұйымдастырғаны және жеке құрамның дене даярлығы деңгейін арттырғаны үшін дене шынықтыру және спорт бөлімінің үздік бастығы болып капитан Серік Хабаев белгіленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы