Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұрлан Оралбекұлы Борамбаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің маспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Борамбаев 1971 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. 1993 жылы «Еңбекке баулу және жалпы техникалық пәндер мұғалімі» мамандығы бойынша С. Сейфуллин атындағы Ақмола педагогикалық университетін, 1995 жылы «бухгалтер-ревизор» мамандығы бойынша Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, 2007 жылы «экономика» мамандығы бойынша Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын мемлекеттік қаржылық бақылау органдарында бастады, министрліктер мен ведомстволарда, коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.

2006 жылдан бастап ҚР Президентінің Іс басқармасы жүйесінде жұмыс істейді, бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2010 жылғы маусым мен 2012 жылғы наурыз аралығында — «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» АҚ бас директорының орынбасары;

2012 жылғы наурыз бен 2013 жылғы қазан аралығында — ҚР Президенті Іс Басқармасының «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК директорының орынбасары, 2013–2017 жылдары — «Астана қонақ үйі» АҚ президенті;

2017 жылғы шілдеде ҚР Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК директорының орынбасары;

2019 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі таңға дейін — «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысының орынбасары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы