Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы елшісі ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көлгінов көпбалалы аналармен кездесті
Келесі жаңалық
Ауыл шаруашылығы министрі Шымкент шаруаларымен кездесті
Өзгелердің жаңалығы