Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 тамыз күні Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы төмендейді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады.

Бүгін Қарағанды және Шымкент қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы