Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттығы 2,1%-ға төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттығы қаңтар-наурызда 2,1%-ға төмендеді. Бұл туралы ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті.
2020 жылғы қаңтар-наурыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4 389,4 млн АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2,1 %-ға азайды. Соның ішінде экспорт – 1 227,7 млн АҚШ долларын (11,3 пайыз кеміді), импорт 3161,7 млн АҚШ долларын (2,1 % көбейді) құрады, – деп жазылған комитет ақпаратында.Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,5, Қырғызстан Республикасына – 4,1, Беларусь Республикасына – 3,3, Армения Республикасына 0,1 %-дан келеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістандық 500 тонна орамжапырақ Белорусь еліне экспорталды
Өзгелердің жаңалығы