Қазақстанның бастамасымен ЕАЭО-дағы титан өндірушілеріне қолдау көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ЕЭК-тің баспасөз қызметінен хабарлады.

Еуразиялық экономикалық комиссияның коллегиясы ЕАЭО-ның сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасына және ванадий-алюминий қоспасы бойынша ЕАЭО-ның бірыңғай кеден тарифіне өзгерістер енгізу және 2020 жылдың 1 қаңтары мен 2021 жылдың 31 желтоқсаны аралығында оның баж салығын жою туралы шешім қабылдады.  Бүгінде төлем 10% құрайды.

Бұл шешім Қазақстан Республикасының бастамаларын қарастыру қорытындысы бойынша қабылданды және ол ЕАЭО-дағы титан өнімдерінің өндірушілеріне қолдау көрсетуге бағытталған.

Айта кетейік, ванадий-алюминий қоспасы медициналық бұйымдарды өндіру және өндірістің түрлі салалары үшін титан құймаларының өндірісінде қолданылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы