Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 тамыз күні Қазақстанның көптеген қалаларында метеорологиялық жағдай жайлы болады.

 
«Қазгидромет» РМК-дан хабарлағандай, жайсыз метеорологиялық жағдай немесе ауаның ластануы Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларында қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы