Қазақстанның 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ. Бейсенбі, 26 наурыз күні 2 қалада жағымсыз метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің болжауынша, ауа сапасы Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қалаларында нашарлайды. 

Қалған шаһарларда метеожағдай нормада болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы