Қазақстанның 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 сәуір күні Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі.


Қазгидрометтің мәліметінше, Шымкент және Балқаш қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы