Қазақстандық зілтеміршілер Тайландтағы халықаралық турнирге қатысады

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Тайландта ауыр атлетикадан халықаралық турнир басталды. Аталған сын 2020 жылғы Олимпиада ойындарына ұпай тарататын жарыстар қатарына жатады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан құрамасының көшбасшылары бұл бәсекеден сырт қалды. Бапкерлер кеңесе келе, бірінші нөмірлі спортшыларды Азия чемпионатына апару туралы шешім қабылдаған.

Тайланд төрінде Ибрагим Берсанов (109 келіге дейін), Нұрлыбек Сәменов (81 келіге дейін), Селімхан Әбубәкіров (+109 келі), Әлихан Шайхидинов (102 келіге дейін) және Лидия Ануфриева (59 келіге дейін) жүлдеге таласады. 10 ақпанға дейін созылатын турнирге 24 елдің спортшылары қатыспақшы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы