Қазақстандық журналистің мақаласы "The New York Times" газетінде жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық журналист Ақсәуле Әлжанның мақаласы "The New York Times" газетінің бірінші бетінде жарық көрді. Бұл туралы журналистің өзі facebook-тегі парақшасында жазды. 

Қуанышым қойныма сыймай тұр! Әріптестерім Гаррет Зеролф пен Дэниел Лемпреспен бірігіп жасаған репортажымыз Нью Йорк Таймстың бірінші бетінде жарық көрді. Пандемия кезінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың жағдайын бірнеше айдан бері зерттегенбіз. Жасалған жұмыс үлкен, үйренгенім одан да көп, алғысым – шексіз, - деп жазды Ақсәуле Ақжан. 
Мақаланың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Айта кетейік, қазір журналист АҚШ-та "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алып жүр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы