Қазақстандық жолдарда 11 мыңнан астам белгі ауыстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, республикалық маңызға ие жолдарда жол жағдайы элементтерін реттеуге бағытталған кешенді бағдарлама аясындағы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлады ИИДМ.

"Қазақавтожол" ЖШС мамандары жолдың 436 мыңнан астам шаршы метрінде шұңқырларды жамау жұмыстарын, 98 мыңнан астам шаршы метрінде жолдың кедір-бұдырлығын жойды, 11 мыңнан астам жол белгісін, 400 панноны, 80 жарықдиодты жол белгісін және көпір қоршауларының 1500  метрін орнатып, ауыстырды. 
Бұдан бөлек, 161 автопавильон мен демалыс алаңдары жөнделіп, жолдың 2000 шаршы метрінде шуыл жолсызығы жайластырылды, 2700-ден астам шақырымда сілтеуіштер, 25 мың сигналдық бағаншалар орнатылды. Кейбір заманға сай инновациялық иілгіш бағаншалар көліктердің соққыларынан кейін де қайтіп өз қалпына келе алады, - делінген ақпаратта. 
Сондай-ақ ел жолдарында қоршаулардың 37 мыңнан астам метрі орнатылды, жолдың қозғалыс бөлігінің 23 мыңнан астамы таңбаланды. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы