Қазақстандық жасөспірім Hopes Week турнирінің үздік теннисшісі атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық үстел теннисі федерациясы Hopes Week турнирінің аймақтық, құрлықтық және әлемдік серияларын қорытындылап, 2019 жылдың үздік жас теннисшісін анықтады, деп хабарлады Olympic.kz.
Үздік жас теннисші атағын қарағандылық Алан Құрманғалиев жеңіп алды. Эльмира Алиева жаттықтыратын жас спортшы енді 2020 жылы ITTF ұйымдастыратын ірі халықаралық жарыстарға тегін қатысады.
Айта кетелік, Алан Құрманғалиев Омандағы ITTF World Hopes Week and Challenge турнирінің күміс медалін иеленген.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жапонияда жаңа министрлер кабинеті жасақталды
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы