Қазақстандық жас боксшы африкалық чемпионмен жұдырықтасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Жақында ғана кәсіпқой боксқа ауысқан Абай Төлеш келесі жекпе-жегін 13 қыркүйек күні өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әуесқой бокста 2017 жылғы ел чемпионы атанған Абай Төлеш кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін 24 сәуір күні Таиландта өткізді. Келесі жекпе-жегін 13 қыркүйек күні Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткізеді.

Оның қарсыласы танзаниялық Ахмад Саид Мфауме (14-6-2, 6 КО) болмақ. Ол орта салмақта Шығыс және Орталық Африканың чемпионы.

Айта кетейік, Абай Төлеш соңғы кездесуін Нұр-Сұлтан қаласында ауғанстандық Алладад Рахимиге (2-1, 2 КО) қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы