Қазақстандық әйелдерге триатлон тегін үйретіледі

Алматы, BAQ.KZ. Елімізде әйелдер триатлонын дамыту жобасы басталды. Алматының әуесқой-триатлоншы әйелдер клубы Women Tri Club Almaty атауымен өнер көрсетеді, деп хабарлады Қазақстан триатлон федерациясы.

Жаңа спорттық қоғамдастықты – Қазақстан және Алматы триатлон федерацияларының қолдауымен елімізде алғаш сертификатталған IRONMAN-бапкер Елена Кун ұйымдастырмақ.

Клубта жаттығулар тегін түрде өткізіледі, себебі Women Tri Club Almaty-ның басты мақсаты – елдегі триатлонды кеңінен насихаттау.

«Жасыңыз қаншада, салмағыңыз және спорттық тәжірибеңіз қандай, қанша бос уақтыңыз бар екендігі маңызды емес. Бұл жобада мен күшімді немесе уақытымды мүлдем кетіріп жатқан жоқпын. Мен әйелдер триатлонын Қазақстанда дамытқым келеді. Бұл менің қалам, менің елім, менің спортым, менің «тіршілік ортам», менің пікірлес серіктестерім. Айналадағы өмірді одан да қызықты етуге менің күшім жетеді. Осыны әйелдер түсінсе деймін. Триатлон – армандай алатындар мен өздеріне сенетіндер үшін», - дейді Елена Кун.

Жоба бағдарламасына жаттығулар және кәсіпқой-бапкердің толық бақылауы кіреді. Жүгіруге, жүзуге, велосипед тебуге, тамақтануға, жарыстар жоспарына, спорттық киім-кешектерге, ұйқы тәртібіне, денсаулыққа, салмаққа, сондай-ақ эмоциялық бейімделуге қатысты барлық сұраққа Елена Кун әрі теорияшыл, әрі практик ретінде жауап береді.

«Қазақстанда триатлон үлкен қарқынмен таралып жатыр. 2019 жылы елімізде 16 старт жоспарланған, оған әуесқой-спортшылар да қатыса алады. Олар – IRONMAN 70.3 Astana, TEMIRADAM кубогы, Алматының ашық чемпионаттары», - дейді ұйымдастырушылар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы