Қазақстандық теннисші жеңісті жолын жалғастыруда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко UTR Pro Match Series көрме турнирі кезеңі аясында төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Теннисшінің бұл жолғы қарсыласы колумбиялық Николас Мехия болды.

 Екеуара кездесу 6:4, 6:4 есебімен отандасымыздың еншісіне шешілді.  

Айта кетерлігі, бүгін Попко рсейлік Аслан Карацевпен кездеседі. Осыдан бірнеше күн бұрын ол дәл осы қарсыласын 6:3, 6:3 есебімен ұтып кеткен болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы